АРТРИКЮР
(ARTRICURE)
препаратын қолдану
жөніндегі нұсқаулық
Жалпы сипаттамасы |
![]() |
Филантус эмбликасы – вирусқа қарсы тиімді, бактерияға қарсы және зеңдерге қарсы дәрі, сондай-ақ несеп айдағыш әсерге ие.
Комифор Вигтасызат алмасуын жақсартады, қандағы холестериннің және триглицеридтердің деңгейін төмендетеді, түйілуге қарсы, ауырғандықты басатын, қабынуға қарсы және антисептикалық әсерге ие, тромбоциттердің бірігуін төмендетеді.
Ұйықтататын Витаний жалпы көтермелегіш және иммунитетті көтеретін әсері бар, стресс, үрей, созылмалы шаршағыштықты, ұйқысыздықтың белгілерін төмендетеді.
Ұзақ куркума айтарлықтай антиоксидантты, қабынуға қарсы, уытсыздандыратын және өт айдағыш әсерге ие.
Жайылған боеравий қабынуға қарсы, сергіткіш, несеп айдағыш дәрі ретінде әсер етеді. Тәбетті көтермелейді.
Махараснади гана – артритке қарсы бағытталған қабынуға қарсы дәрі.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, дөңгелек, бір текті емес қоңыр-жасыл түсті, түссіз қабықпен қапталған таблеткалар.
Құрамы
1 таблетканың құрамында 33,33 мг дәрілік жанжабілдің, 33,33 мг қара бұрыштың, 33,33 мг ұзын бұрыштың, 200 мг комифор Вигтагасының ұнтағы, сондай-ақ құрғақ сығындылары:
23,36 мг терминалии хебулы (33,33мг терминалии хебулы ұнтағына барабар),
13,63 мг терминалии белеригі (33,33мг терминалии белеригі ұнтағына барабар),
19,47 мг филантус эмблигі (33,33мг филантус эмблигі ұнтағына барабар),
23,36 мг ұйықтататын витании (100,00мг ұйықтататын витании ұнтағына барабар),
14,02 мг ұзақ куркумы (100,00мг ұзын куркум ұнтағына барабар),
4,67мг жайылған боеравии (100,00мг жайылған боеравии ұнтағына барабар),
40,89 мг махараснади гана (100,00мг махараснади гана ұнтағына барабар);
қосымша заттар: қос кальций фосфаты, жүгері крахмалы, мамыргүл желімі, тальк; қапталған таблеткалар: ара балауызы, карнауб балауызы, қатты парафин.
Қолданылуы
Препаратты ересек тірек-қозғалыс аппаратының ревматикалық артрит, остеоартрит (оның ішінде ревматоидтық артрит), теңге қотыр артриті, остеоартроз, шорбуынданған спондилит, подагралық артрит, тендовагинит, иықжауырын периартриті, бурсит, жамбас буынының артриті, тізе буындары және аяқ және қол буындары сияқты қабынбалы және дегенеративті аурулары бар адамдарға тағайындалады. Мойын және бел остеохондрозында, спондилитінде, ишиаста.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан, таңертең және кешке 1 ай бойы тағайындалады. Одан кейін дозасын тәулігіне 2 рет 1 таблеткаға дейін төмендетуге болады. Таблеткаларды тамақтанғаннан кейін, ½ стакан жылы сумен бірге қабылдайды.
Артрикюрді ұзақ уақыт бойы қабылдауға болады, бірақ қабылдаудың 3-4 айынан кейін 2 аптаға үзіліс жасауға кеңес беріледі.
Жағымсыз әсерлері
Препарат құрамдастарының қандай да біріне жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препарат құрамдастарының қандай да біріне жоғары сезімталдықта.
Артық дозаланғанда
Препараттың артық дозалануы жөнінде деректер жоқ. Артық дозаланған кезде асқазанды шаю және белгісіне қарай ем жүргізу керек.
Қолдану ерекшеліктері
Жүкті, бала емізетін әйелдерді және балаларды емдеу үшін препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ.
Іш өтуі, ішектің қабыну аурулары кезінде сақтықпен тағайындау керек.
Ащ қарынға қабылдауға болмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Антацидтік препараттармен бір мезгілде қабылдаған кезде оларды қабылдап болғаннан кейін Артрикюр препаратын 1,5-2 сағаттан соң қабылдау ұсынылады.
Сақтау мерзімі және шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған, балалардың қолы жетпейтін жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі - 3 жыл.
Босатылу шарттары
Рецептісіз.
Шығарылу түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар.
Шығарылуы
Блистерде 10 таблеткадан, картон қорапта 3 блистерден. Пластикадан жасалған банкеде 60 таблеткадан.
Өндіруші
Ом Фармацеутикалс Лтд.
Мекен жайы
12th Mile, Old Madras Rd., Bangalore – 560 049, India.
